Қыр 25, 2023 18:39 Asia/Almaty
  • Қарабақ армяндарының бірінші тобы Арменияға келді

Ереван үкіметінің айтуынша, Қарабақ армяндарының бірінші тобы Әзірбайжан республикасының этникалық тазартуынан қорқып, Арменияға қашты.

Мәліметтерге сәйкес, сенбі күні кешке дейін мыңнан аса адам ресми шекарадан Арменияға өтті.

Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның айтуынша, этникалық тазартудан қорқу Қарабақтан жаппай көшуге әкеліп соқтырды.

Al-Jazeera ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ереван үкіметі мигранттарды қабылдауға дайын екенін жариялады.

Бұған дейін Таулы Қарабақ армяндарының басшысы Самвел Шахраманянның кеңесшісі Давид Бабаян Reuters-ке берген сұхбатында: "Қарабақтың 120 мың армяны аймақтан кеткісі келеді. Өйткені олар Әзірбайжан республикасының бір бөлігі болуды қаламайды, этникалық тазарту болатынына алаңдайды",-деді.       

Тегтер