Макрон: Арменияның аумақтық тұтастығына қауіп төнген жағдайда Франция Ереванның жағында болады
(last modified Mon, 25 Sep 2023 13:25:35 GMT )
Қыр 25, 2023 19:25 Asia/Almaty
  • Макрон: Арменияның аумақтық тұтастығына қауіп төнген жағдайда Франция Ереванның жағында болады

Франция Президенті: "Арменияның аумақтық тұтастығына қауіп төнген жағдайда Франция Ереванның жағында болады",-деді.

Эммануэль Макрон Әзірбайжан мен Армения арасындағы соңғы өзгерістерге реакциясында: "Париж Армения жерінің біртұтастығы сақталуын қалайды. Өзгерістерді бақылап отырмыз",-деді.

Халықаралық қауымдастық Әзірбайжан республикасының бір бөлігі ретінде ресми түрде таныған, бірақ Кеңес одағы құлағаннан кейін Бакудың бақылаудан шығып кеткен Таулы Қарабақтың армяндары 20 қыркүйекте Әзірбайжан армиясының осы аймақта жүргізген әскери амалдарынан кейін атысты тоқтату бітімін жариялады.

Әзірбайжан үкіметінің айтуынша, Таулы Қарабақ армяндарының құқықтары кепілдендіріледі, бұл аймақ Әзірбайжан республикасына қосылады.

Таулы Қарабақ армяндары басшысының Reuters-ке берген сұхбатында: "Олар бұл аймақтан кеткісі келеді. Бірақ Баку түрлі себептермен Қарабақ армяндарын босатуға рұқсат бермей отыр",-деді.