Қыр 26, 2023 20:15 Asia/Almaty
  •  Қарабақта  жарылыс болды

 Таулы Қарабақтағы жанармай қоймасының жарылысынан 20-ға жуық адам қаза тапты.

 

Өткен түнде Степанакерттегі (Таулы Қарабахтың орталығы) жанармай құю  бекетінде 100 тонна конденсат бар жанармай қоймасы өртенді.

Fars news  агенттігінің хабарлауынша, осы жанармай қоймасының жарылуы салдарынан кемінде 20 адам қаза тауып, 290 адам жараланған. Зардап  шеккендер Степанакерт қаласындағы медициналық орталықтарға жеткізілді.  Ондаған адамның ауыр жарақат алғаны хабарланды.  Жараланғандар санының к өп болуына Арменияға баруға ниетті адамдардың газ қоймасының маңында жиналуы себеп болып отыр.

 

Тегтер