Қыр 29, 2023 18:23 Asia/Almaty
  • Пәкістанның Белуджистан провинциясында лаңкестік жарылыс болды

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Пәкістандағы қалалардың бірінде Ислам пайғамбарының туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада болған лаңкестік жарылысты айыптады.

Пәкістанның оңтүстік-батысында орналасқан Белуджистан провинциясындағы бір мешітке жақын жерде болған жарылыстан 52 адам шәһид болып, ондаған адам қаза тапты.

Бұл жарылыс Ислам пайғамбарының туған күніне орай ұйымдастырылған шараның алдында орын алды. Полиция оқиға орнын қоршап, жарылыстың егжей-тегжейін тексеріп жатыр. Бірнеше айдан бері Белуджистан провинциясының Мустанг ауданында Пәкістан қауіпсіздік күштері мен ДАИШ сияқты лаңкестік топтар арасында қақтығыс болды.

Тегтер