Женевадағы Иран елшісі: БРИКС Батысқа қарсы емес
ИИР Женевадағы халықаралық ұйымдардағы елшісі және тұрақты өкілі БРИКС-тің Батысқа қарсы емес екенін, бірақ оның мүлдем басқа топ екенін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Бахрейни БҰҰ-ның Сауда және даму конференциясының (ЮНКТАД) жоғары лауазымды тұлғаларының отырысында БРИКС елдерінің әлемдік жалпы ішкі өнімнің 26 пайызын және әлемдік сауданың 21 пайызын құрайтынын мәлімдеді. Әли Бахрейни: "БРИКС-ке жаңа мүшелер, соның ішінде 6 мемлекет, Иран, Бразилия, Египет, Сауд Арабиясы, БАӘ және Эфиопияның қосылуымен, сондай-ақ басқа 40 елдің осы топқа қосылуға мүдделі болуымен бұл топтың әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 28 пайызға жетеді деп күтілуде. БРИКС тәсілі бүкіл әлем үшін, әсіресе жаһандық оңтүстік елдері үшін пайдалы",- деді.