Қыр 30, 2023 20:10 Asia/Almaty
  • Түркия Швецияда Ердоғанға​​ құрметсіздік көрсетілуге реакция білдірді

Түркия Швеция астанасындағы елдің елшілігінің алдында Ердоғанға ​​ құрметсіздік көрсетіуді айыптады.

 

Кеше Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында Режеп Тайып Ердоғанға ұқсастырып эасалған қуыршақ өртеніп, бір әйел түрік президентіне қарсы сөз сөйледі.

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Түркияның Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетке қатысты мәлімдеме жасады. Бұл мәлімдемеде Анкара Стокгольмдегі Түркия елшілігінің маңында осы елдің президентін нысанаға алған жеккөрінішті әрекетті қатаң айыптайтыны айтылған. Ердоғанға құрметсіздік көрсету полицияның қолдауымен  жасалған.

Мәлімдемеде түрік халқының Швециядан Түркияның сайланған лауазымды тұлғаларына қарсы шабуылдар мен террор ұйымдарының үздіксіз үгіт-насихат әрекеттерінің алдын алуын күтетіні атап көрсетілді.

Айтуларынша, бұл әйел Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы болған.

 

Тегтер