Қаз 01, 2023 18:26 Asia/Almaty
  • Медведов Ұлыбритания мен Германияға Ресейдің әскери шабуылдары туралы ескерту жасады

Ресей Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведов: "Ресей армиясы үшін Украина жерінде әскери дайындық жүргізіп жатқан британ әскерилері – "заңды әскери нысаналар",-деп мәлімдеді.

Дмитрий Медведов Telegram-дағы жеке парақшасында Ұлыбританияның жаңа Қорғаныс министрі Грант Шаппстың Украинаның әскерилерін үйрету үшін осы елге әскери күш жіберетіні туралы сөздеріне жауабында: "Олардың жаттықтырушылары біздің қарулы күштеріміз үшін бір заңды нысанаға айналады. Олар аяусыз жойылатынын түсінеді. Әрине жалдамалы ретінде емес, НАТО-ның британ мамандары ретінде",-деп мәлімдеді. 

Тегтер