Ардебиль-2023 форумы ЭЫҰ-ға мүше елдер арасында туристік байланыстарды нығайтуға көмектеседі
Ардебиль облысының әкімі сейіт Хамед Амели ЭЫҰ-ға мүше елдердің Туризм министрлерінің бесінші отырысында: "Болашағымыз жарқын болуы үшін жақсырақ әріптестік жасауымыз керек. Бұл мақсатқа жету үшін туризм мен саяхат саласынан артық не бар?"-деді.
Хамед Амели бұл отырыстың ұлтаралық байланысты арттырып, аймақаралық әріптестікті одан ары кеңейтуге бастама болатынына үміт білдіріп: "Ардебиль-2023 форумы осындай шараларды жалғастыруға, ұлтаралық және туристік байланыстарды нығайтуға, халықтарды жақындастыруға, барлық халықтар үшін жақсырақ келешек қалыптастыруға жағдай жасауға септігін тигізетін оқиғаға айналады деп үміттенемін",-деді.
Ардебиль облысының әкімі ЭЫҰ кеңесіне бұл қаланы 2023 жылғы уризм астанасы деп таңдағаны үшін алғыс айтып: "Арбедиль өзінің ұзақ тарихында маңызды саяси-экономикалық, мәдени және әлеуметтік өзгерістер орталығы болды",-деді.