Қаз 05, 2023 15:45 Asia/Almaty
  • Ардебильде ЭЫҰ-ға мүше елдердің Туризм министрлерінің бесінші отырысы басталды

ЭЫҰ-ға мүше елдердің Туризм министрлерінің бесінші отырысы Шейх Сафиаддин Ардебилидің тарихи кешеніндегі Хатаи галереясында басталды.

Ардебиль-2023 форумы аясында ЭЫҰ-ға мүше елдердің Туризм министрлері кеше осы қалаға жиналып, бүгін ЭЫҰ бас хатшысы, Ардебиль облысының басшыларымен бірге отырыс өткізді.

Ал бұл жағдайда кеше ЭЫҰ-ға мүше елдердің туризм саласындағы аға сарапшылары мүше елдер тарапынан ұсынылған түрлі мәселелерді талқылады.

ЭЫҰ-ға мүше елдердің Туризм министрлерінің бесінші отырысында Әзірбайжан республикасының Шуша қаласының ЭЫҰ-ның 2026 жылғы туристік астанасы ретінде таңдалуы, артезиан және минерал сулар сияқты туристік әлеуеттерге көңіл аударып туризмді дамытудың жолдарын қарастыру, мүше елдер арасында визаны алып тастау сияқты маңызды  мәселелер талқыға салынды.

Кеше кешке  Шейх Сафиаддин Ардебилидің тарихи кешенінде ЭЫҰ-ға мүше елдердің экономикалық белсенділерінің форумы өтіп, B2B кездесулер ұйымдастырылды.

Ардебиль облысы әкімінің экономикалық істер жөніндегі орынбасары Ясер Абдуллахи Абед осы отырыста аталмыш облыстың туристік мүмкіндіктеріне тоқталып, Ардебильдің инвесторларды қабылдауға жан-жақты дайын екенін мәлімдеді.

Тегтер