Қаз 06, 2023 21:12 Asia/Almaty
  • Путин: Біз Мәскеу-Теһран қарым-қатынасын кез келген жолмен нығайтамыз

Ресей Президенті: "Ресей Иранмен қарым-қатынасын жан-жақты  нығайтады. Мәскеу Теһранмен жақсы қарым-қатынаста",- деді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше, бейсенбі күні Владимир Путин Ресейдің Сочи қаласында елдегі ең үздік мұғалім байқауының жеңімпаздары мен финалистерімен кездесуінде Мәскеу мен Теһран арасындағы қарым-қатынасқа тоқталып: "Ресей Иранмен өте жақсы қарым-қатынаста және Теһранмен тығыз қарым-қатынаста болуды қалайды. Ресей үкіметі Иранмен қарым-қатынасты дамытып, нығайтуды жоспарлап отыр",- деп айтты.

Иран мен Ресей екіжақты салаларда, әсіресе экономикалық, әскери және қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынастар, сондай-ақ американдық біржақтылыққа қарсы тұру сияқты аймақтық және халықаралық мәселелерде стратегиялық мүдделерге ортақ және бұл соңғы жылдардағы екі жақтың тығыз ынтымақтастықтарының негізгі факторларының бірі болды.  

 

Тегтер