Сейед Аббас Арақчи: Сауд Арабиясы Иранның көршілестік саясатында өте маңызды орынға ие
ParsToday - Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясының Иранның көршілестік саясатындағы ұстанымына тоқталып: «Біз бауырластық қарым-қатынасымызды жалғастырамыз және бұл қарым-қатынастардың бұзылуына жол бермейміз»,- деді.
ParsToday ақпарат агенттігінің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи бір ирандықтың Мединада тұтқындалуынан кейін туындаған кейбір мәселелерге реакция білдіріп: «Туындаған мәселеге байланысты қазір Сауд Арабиясымен қарым-қатынас мәселесіне үлкен мән берілуде»,- деді. Арақчи былай деп баса айтты: «Иран Сауд Арабиясымен қарым-қатынасқа толығымен байсалды және қазірдің өзінде басталған қарым-қатынастарымыз бен көршілестік саясатымыз өте маңызды саясат және Сауд Арабиясы бұл саясатта өте маңызды ұстанымға ие және біз бауырластық қарым-қатынастарымызды жалғастырамыз және бұл қарым-қатынастардың бұзылуына жол бермейміз».
Сауд Арабиясы қайраткерлерін сынаған бейнероликті жариялағаннан кейін Мединада тұтқындалған «Мохафел» телебағдарламасының жүргізушісі Ғұламреза Қасемиан бейсенбі күні таңертең Иран Сыртқы істер министрлігінің күш-жігерінің арқасында босатылды.