Қаз 08, 2023 20:34 Asia/Almaty

Басып алынған жерлерде жүргізілген "Әл-Ақса дауылы" операциясымен бір мезгілде исламдық Иранның түкпір-түкпірінде халық сенбі күні кешке қарсыласу күштерінің жеңісін қолдап көшеге шықты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, исламдық Иранның велаятшыл халқы Палестина мен қарсыласу қозғалысының жеңісін қолдап, кең байтақ елдің түкпір-түкпірінде шаттық тойын тойлап, Иран, Палестина мен қарсыласу топтарының байрақтарын желбіретті.

Сондай-ақ Иран халқы пен студенттері қарсыласу топтарының басып алынған жерлерде сәтті операция жасауына реакциясында сенбі күні Теһрандағы Палестина елшілігі алдына жиналды.

Иран халқы пен студенттері "Израильге өлім!", "АҚШ-қа өлім!", "Аллаһу Акбар", "Ләббайк, я, Ақса!", "Ләббайк, я, Палестина!" және "Ләббайк, я, Хаменеи" деген ұрандармен палестиналық күрескерлерге қолдау білдірді.

Бұл жиынға қатысқандар Палестина туы, Сақшылар корпусының Құдс күштерінің бұрынғы қолбасшысы шәһид Қасым Сүлейманидің суреттерін ұстап шықты.    

Тегтер