Қаз 15, 2023 17:15 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Катар, Ирак пен Оман басшыларымен телефон арқылы Газа жайлы сұхбаттасты

Иран Президенті Катар әмірімен телефон арқылы сұхбаттасып, сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына тоқталып, АҚШ пен сионистік режимнің басқа да демеушілерін осы қылмысқа тікелей жауапты деп атап: "Палестинаның жағдайы Батыс елдерінің адам құқығын қорғау мәселесінде екіжүзді позиция ұстанып отырғанын көрсетеді",-деді.

Шейх Тамим бен Хамд әл-Сани: "Батыс ақпарат құралдары аймақтың жағдайын өңін айналдырып көрсетіп отыр. Газаның шынайы жағдайын әлемге көрсетуге тырысуымыз керек",-деді.

Раиси Ирак Премьер-министрімен сұхбатында ислам үмбетінің Газада геноцид болдырмауы керегін айтып: "Сионистік режим соғыс алаңындағы жеңілісінің кегін бейбіт тұрғындардан алуды көздеп отыр",-деді.

Шиа әс-Судани: "Ислам елдері сионистердің қылмыстарын тоқтату үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс", -деді.  

Иран Президенті Оман сұлтанымен сұхбатында: "Палестинаның ауыр жағдайы шұғыл түрде БҰҰ, Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Араб Лигасының күн тәртібіне қойылып, қарастырылуы тиіс",-деді.

Хисам бен Тарак: "Оман бұл қылмысты тоқтату үшін ықпалды тараптардың барлығымен тығыз байланыста",-деді.

 

Тегтер