Амир Абдуллахиан Катар әмірімен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i73030
Дохада іссапармен жүрген Иран Сыртқы істер министрі жексенбі, 23 меһрде Катар әмірімен кездесті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 15, 2023 17:49 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Катар әмірімен кездесті

Дохада іссапармен жүрген Иран Сыртқы істер министрі жексенбі, 23 меһрде Катар әмірімен кездесті.

Амир Абдуллахиан Катар әріптесімен кездесуінде сионистердің Газа секторындағы қылмыстарына тоқталып: "Сионистік режим тарапынан күн сайын Палестина халқы қырылып  жатқанда АҚШ үкіметі басқаларды ұстамды болуға шақырады. Мұнымен бір мезгілде қылмыскер сионистік режимге жан-жақты әскери қолдауын арттырды. Сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарының жалғасында аймақта жағдай осы қалыпта қалады деп ешкім кепілдік бере алмайды",-деді.

Катар Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдурахман Сани Палестинада болып жатқан оқиғаларға тоқталып, екі ел арасындағы консультацияларды маңызды деп атап: "Израильдің Газа мен Палестина халқына қарсы шабуылдары мен қазіргі жағдайдың жалғасуы алаңдатып отыр",-деді.