Қаз 15, 2023 21:27 Asia/Almaty
  • Палестинаны жақтаушылар АҚШ астанасында митинг өткізді

Джо Байден үкіметі сионистік режимге жан-жақты қолдау көрсетіп отырған жағдайда АҚШ-тың мыңдаған азаматы Палестинаға қолдау білдіру үшін ел астанасында наразылық акциясын өткізді.

Түркияның Anadolu ақпарат агенттігі осы наразылық акциясы туралы бір видео жариялап: "Сенбі күні мыңдаған адам Вашингтонда Палестинаға қолдау білдіру және Израильден ХАМАС тобымен қақтығыста атысты тоқтатуды талап ету үшін жиналды",-деп жазды.

Әлемнің түрлі елдерінде Палестинаны қолдау мақсатында митингтер өтті.

Al-Jazeera ақпарат арнасы бұған дейін Иран, Ирак, Иордания, Индонезия мен Пәкістанда Палестинаны қолдау мақсатында ауқымды митингтер өткенін хабарлады. 

Тегтер