БҰҰ: Газа ауруханаларындағы сұйық отын тек 24 сағатқа жетеді
Қаз 16, 2023 19:04 Asia/Almaty
БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы: "Газа ауруханаларындағы генераторлардың тоқтауы мыңдаған адамның жанына қатер төндіреді",-деп хабарлады.
Сионистік режим бірнеше күннен бері Газа секторын жан-жақты қоршауға алып, оны су, электр қуаты мен сұйық отынмен қамтамасыз етуді толық тоқтатты.
Бұған дейін Палестина Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық қауымдастықты, БҰҰ мен халықаралық адам құқығын қорғау және гуманитарлық ұйымдарды сионистік режимнің бомбалауына ұшырап жатқан ауруханалар, емханалар, жедел жәрдем қызметтері, медициналық қызметкерлер, науқастар мен жаралыларға шұғыл түрде қолдау көрсетуге шақырды.
Тегтер