Қаз 19, 2023 20:35 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың түрлі қалаларында сионистік режимнің қылмыстарына қарсы шерулер өтті

АҚШ-тың түрлі қалаларында сионистік режимнің қылмыстарына қарсы және Газа секторына шабуылдарды талап ету мақсатында шерулер өтті.

Чикагода антисионистік шеруге қатысушылар сионистік режимнің Газа секторына шабуылын дереу тоқтатып, бұл аймаққа жедел түрде гуманитарлық көмек жіберуді талап етті.

Вашингтондағы Ақ үйдің алдында да сионистік режимнің Газадағы бір ауруханаға шабуылына наразылық ретінде митинг өтті. Наразылар АҚШ үкіметінің сионистік режимнің қылмыстарын қолдап отырғанын сынады.

Вашингтондағы сионистік режим елшілігі алдында да антисионистік митинг өтті. Наразылар Палестинаны азат етіп, сионистік режимнің шабуылдарын тоқтату керегін айтып, ұрандатты.

Нью-Йорк қаласында өткен шеруде де сионистік режимнің Газа секторындағы палестиналықтарды қырып жатқаны айыпталды. 

Тегтер