Иран Йеменде тұрақты атысты тоқтату бітімін орнату қажеттігін қуаттады
(last modified Thu, 12 May 2016 09:21:30 GMT )
Maм 12, 2016 15:21 Asia/Almaty
  • Иран Йеменде тұрақты атысты тоқтату бітімін орнату қажеттігін қуаттады

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Йеменде тұрақты атысты тоқтату бітімін орнатып, гуманитарлық қоршауды толығымен алып тастауды сұрады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Хосейн Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні түстен кейін Германия Сыртқы істер министрінің орынбасары Маркус Эдерермен кездесуінде Йемен халқына әскери шабуыл жасау қателігіне тоқталып, бұл елде тұрақты атысты тоқтату бітімін орнатып, гуманитарлық қоршауды толығымен алып тастау қажеттігін баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары, сондай-ақ, Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу және лаңкестікпен күресу қажеттігін айтып: «БҰҰ-ның тізіміне енген танымал лаңкестік топтардың осы елдегі қарулы қатігез топтармен біте қайнасуы – Сириядағы тұрақсыздық пен атысты тоқтату бітімінің бұзылуының басты факторы»,-деді.

Маркус Эдерер де осы кездесуде Иранның аймақтағы сындарлы рөліне тоқталып, Германияның көзқарасы бойынша, Сирия дағдарысының саяси жолмен шешілетінін айтты. Германия Сыртқы істер министрінің орынбасары Йемен жайлы айтқан сөзінде тараптардың дипломатиялық желілер арқылы осы елдің қиындықтарын шешу жолын табатындығына үміт білдірді.