Иранға қарсы зымырандық санкциялардың мерзімі аяқталды
(last modified Thu, 19 Oct 2023 16:25:41 GMT )
Қаз 19, 2023 22:25 Asia/Almaty
  • Иранға қарсы зымырандық санкциялардың мерзімі аяқталды

БҰҰ-ның №2231 қарары бойынша Иранға қарсы зымырандық санкциялардың мерзімі аяқталды.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ-ның №2231 қарары бойынша сәрсенбіден бастап Иран ядролық қаруларды тасымалдай алатын баллистикалық зымырандарға қатысты жұмыстың кез келген түрін атқара алады.

Осы қарарға сәйкес әлем елдері бұдан былай Иранға немесе Ираннан кейбір зымырандар, ұшқышсыз ұшақтар мен технологияларды тасымалдар алдында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен лицензия алуға мәжбүр емес.

Сондай-ақ БҰҰ-ға мүше елдер Иранның зымырандық және ядролық бағдарламаларына қатысты адамдары мен ұйымдарының активтерін босатуы тиіс.  

Барлық шектеулер мен санкциялар сәрсенбіден бастап автоматты түрде күшін жойды. Тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі арнайы жиналыста жаңа қарар қабылдап, осы тармақтардың күшінің жойылуына қарсы шыға алады.