Maм 12, 2016 15:57 Asia/Almaty
  • Женевада Сирияға қатысты бейбіт келіссөздердің қайта басталу перспективасы

Сириядағы өзгерістер бұл елдегі дағдарысты шешудің жалғыз жолының саяси жол екенін, елдегі барлық ішкі әлеуеттер мен халықаралық мүмкіндіктерді лаңкестік топтармен күресуге жұмылдыру қажеттігін көрсетті.

Осындай жағдайда БҰҰ-ның ақпарат хатшысы: «БҰҰ-ның Сирияға жіберген арнайы өкілі Стеффан де Мистура бейбіт келіссөздер мамыр айында Женевада басталатынына үміт білдірді»,-деп мәлімдеді. БҰҰ-ның ақпарат хатшысы Ахмад Фузи Сирияға қолдау көрсету халықаралық тобының отырысы да 17 мамырда өтеді деп болжам жасап, бұл отырыс сындарлы болады деген уәж айтты. Атысты тоқтату бітімінің орнауы да келіссөздердің Сириядағы саяси өтпелі кезең мәселесінің ілгерілеуіне көмектесетін кеңістікте басталуына оң әсерін тигізеді.

Сирия үкіметі мен қарсыластарының жанама келіссөздерінің жаңа кезеңі БҰҰ-ның араағайындығымен 2016 жылдың 13 сәуірінде Швейцарияның Женева қаласында өткізілді. Сирия келіссөздерінің келесі кезеңі мамыр айында басталады деп жоспарлануда. Сириядағы ішкі қарсыластар делегациясының төрағасы Алиан Масад Стаффан де Мистурамен кездесуден кейін оның сөзіне сілтеме жасап: «Женева келіссөздеріне «эр-Рияд» тобы деп аталатын сириялық қарсыластардың келіссөз жүргізуші жоғары делегациясының қатыспауына қарамастан, бұл келіссөздер жалғасын табады»,-деді.

Де Мистура мен сириялық қарсыластар делегациясының кездесуінде оның 12 баптан тұратын құжаты талқыланды. Сириялық қарсыластар делегациясы қауіпсіздік мәселелері қарастырылған 9-баптан басқаның барлығына келісті. Іс жүзінде атысты тоқтату бітімі кейбір қарсылас топтар тарапынан бұзылды. Сөйтіп, лаңкестік топтар үшін атысты тоқтату бітімін теріс пайдалануға мүмкіндік жасалды. Сирия үкіметіне қарсылар атысты тоқтату бітіміне тактикалық тұрғыдан қарап, оны күш жинап, Сирия үкіметі мен халқынан саяси ұпай алуға берілген мүмкіндік деп санайды. Сирия үкіметіне қарсылардың осы әрекетінің саясында лаңкестер Сириядағы өздерінің шабуылдарын арттырды.

Сирия үкіметі мен армиясының елдің әртүрлі аймақтарында, соның ішінде Алеппода атысты тоқтату бітімін қайта ұзартуға келісуі Дамасктың ізгі ниетін көрсетеді. Сирия үкіметі елдегі атысты тоқтату бітіміне берік, алайда оған берік емес лаңкестермен күреседі. Лаңкестерді демеушілер олардың Сирияның солтүстігіндегі әскери қимылдарына көңіл аудармастан Дамаск үкіметін атысты тоқтату бітімін бұзды деп айыптап отыр. Сирияның солтүстігінде лаңкестерге бағынышты топтарды қолдау жалғасып, олардың шабуылдарын тоқтату үшін шара қолданылмайынша қарсыластар мен оларды қолдаушылардың атысты тоқтату бітімі сөз жүзінде қала бермек.

«Сирия достарының» басқосулары тек саяси сахналық көрініс қана және іс жүзінде Сауд Арабиясы, Түркия мен АҚШ тарапынан қолдау тауып отырған лаңкестердің шабуылдарында қаза табатын Сирия халқына еш көмектеспейді.

Әлем лаңкестік топтарды олармен күресетін күштерден бөліп қарамайынша Сириядағы, әсіресе Алепподағы атысты тоқтату бітімінде мән болмайды.

Лаңкестерді ұстамшыл және әсірешіл деп бөлу Ресей мен АҚШ-тың Сирияға қатысты келісімін тек мәлімдеме мен ортақ құжат деңгейінде ұстап тұр. Іс жүзінде Вашингтон, эр-Рияд пен Анкара бұрынғыдай Сириядағы, әсіресе Алепподағы лаңкестердің қимылдарын қолдайды.

Тегтер