Қаз 25, 2023 19:23 Asia/Almaty
  • Армения: Біз Иран және Ресеймен теміржол желісін құрғымыз келеді

Арменияның Сыртқы істер министрі елінің Әзірбайжан аумағы арқылы Иран, Ресей және Орталық Азия елдерімен теміржол желісін құруға мүдделі екенін мәлімдеді.

 

Арменияның жоғары лауазымды тұлғалары Иранмен қарым-қатынастың маңыздылығына бірнеше рет назар аударды. Иран Арменияға ең ірі тауар экспорттаушылардың бірі болып табылады. Арменияда Иранның сауда орталығы бар. Иран Армениямен сауда көлемін үш миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр.

Арменияның Сыртқы істер министрі теміржол желісінің ашылуына қатысты: «Армения Әзірбайжанның аумағы арқылы Иран, Ресей және Орталық Азия елдерімен теміржол байланысын орнатуға мүдделі»,- деді.

 

Тегтер