Қытай Газаға тағы екі миллион доллар көмек бөледі
Қаз 27, 2023 18:02 Asia/Almaty
Қытай халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігі елдің Газа секторына тағы 2,05 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек бөлетінін хабарлады.
Қытай сыртқы көмек және даму ұйымы болып табылатын бұл елдің халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігінің мәлімдемесіне сәйкес, жіберілген көмек азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да шұғыл гуманитарлық көмектерді қамтиды.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі, (бейсенбі) және Газа соғысының басталуының 20-шы күні Газа секторындағы жарылыстарда шәһид болғандар санының 7028-ге өскенін, оның 2913-і балалар және 1709-ы әйелдер екенін жариялады.
Тегтер