Палестинаны жақтаушылар АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы орталық метро станциясына жиналды
(last modified Sat, 28 Oct 2023 13:35:05 GMT )
Қаз 28, 2023 19:35 Asia/Almaty

Палестина жақтастары, соның ішінде сионистік режимге қарсы көптеген еврейлер Нью-Йорктің орталық метро станциясына жиналып, Палестина халқын қолдады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нью-Йорк орталық метро станциясында шерушілер Палестина халқына қолдау білдіріп, Палестинаның бостандығын талап етті. Палестинаны жақтаған шерушілердің барлығы «Яһудилер атысты тоқтату туралы айтады» деген жазуы бар қара киім киді. Палестинаны қолдаушылардың үлкен жиыны Нью-Йорк метросының орталық стансасының біраз уақытқа жабылуына себеп болды.

Нью-Йорк полициясы Палестинаны қолдайтын ондаған демонстранттарды қамауға алды.