Қаз 30, 2023 19:29 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан өзінің саудиялық әріптесімен Газа туралы кеңесті

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан жексенбі күні Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханмен Газа секторының жағдайы туралы телефон арқылы сөйлесті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, екі елдің жоғары лауазымды дипломаттары телефон арқылы сұхбаттасып, Газа секторындағы қауіпті өзгерістер, халықаралық қауымдастықтың атысты тоқтату бітімін қабылдаудағы және әскери амалдар барысында бейбіт тұрғындарды қорғаудағы рөлі туралы пікір алмасты.  

Амир Абдуллахиан мен Фейсал бен Фархан сондай-ақ екіжақты қарым-қатынас және оны түрлі салаларда дамыту жолдарын талқылады.    

 

Тегтер