Қар 03, 2023 17:01 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Исмаил Ханиямен Газадағы соңғы өзгерістер жайлы сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиямен телефон арқылы Газадағы соңғы өзгерістер жайлы сұхбаттасты.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі X әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында осы туралы: "Бүгін кешке ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиямен телефон арқылы сұхбаттасып, Палестинаның Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы соңғы өзгерістер жайлы пікір алмастым",-деп жазды.

Мәліметтер бойынша, Амир Абдуллахиан мен Исмаил Хания өткен сейсенбі күні Катарда бір-бірімен кездесіп, кеңескен болатын.  

 

Тегтер