Қар 06, 2023 15:24 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Рим папасымен телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Президенті әлем католиктерінің рухани көсемі Рим папасы Францискпен телефон арқылы сөйлесіп, сионистік режимнің бұрын-соңғы болмаған қорқынышты қылмыс жасап, 10 мыңға жуық адамды, соның ішінде 4 мың бала мен 2500 әйелді шәһид еткенін ғасырдың ең ірі геноциді деп атады.

Бүгінде Палестинаның зәбір көрген халқын қолдау ибраһим діндері, соның ішінде  христиан дінінің  тағылымдарына сүйеніп әрекет ету болып саналады.  

Раиси Газада атысты дереу тоқтату, шабуылдар мен бомбалауларды тез арада доғару және Газаға гуманитарлық көмектер жіберу керегін баса айтқан әлем католиктерінің рухани көсеміне алғыс білдірді.

Иран Президенті Теһран үкіметінің Газа тұрғындарына қатысты түбегейлі саясатының жалғасында шабуылдарды тоқтатып, аймаққа гуманитарлық көмектер жіберу үшін барлық дипломатиялық әлеуеттерді пайдалану керегін баса айтты.

Рим папасы Франциск осы сұхбатта Раисидің Палестина халқын қолдау туралы ұстанымына алғыс айтып, Газаға шабуылдарды тоқтатып, аймақта атысты тоқтату бітімін орнату керегін қуаттады.

Тегтер