Иордания Газаға парашютпен жедел медициналық көмек жіберді
(last modified Mon, 06 Nov 2023 10:49:08 GMT )
Қар 06, 2023 16:49 Asia/Almaty
  • Иордания Газаға парашютпен жедел медициналық көмек жіберді

Иордания королі жексенбі күні түнде Газаға парашютпен жедел медициналық көмек жіберілгенін хабарлады.

Al-Jazeera ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иордания королі II Абдулла: "Біздің әуе күштеріміз бүгін кешке Иорданияның Газадағы далалық ауруханасына жедел медициналық көмек жіберді",-деді.

Иордания королі: "Жедел медициналық көмек түнде парашютпен  Иорданияның Газадағы далалық ауруханасына жеткізілді",-деді.

Иордания королі кеше Ливанның Премьер-министрі Наджиб Миқатимен кездесуінде Газаға қарсы соғысты тоқтату және қақтығыстардың аймаққа таралуына жол бермеу үшін халықаралық талпыныстарды арттыру керегін баса айтты.