Қар 07, 2023 18:42 Asia/Almaty
  •  Иран Президенті ертең Тәжікстанға аттанады

Тәжікстан Президентінің баспасөз қызметі ИИР Президенті Ибрахим Раисидің Душанбеге сапарын растады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Душанбеде тәжік әріптесі Эмомали Рахманмен кездеседі.

Тәжікстан Президентінің баспасөз қызметі бүгін, сейсенбі күні Иран мен Тәжікстан президенттерінің екіжақты кездесуінен кейін екі елдің делегациялары кездесу өткізетінін хабарлады.

Иран мен Тәжікстан басшылары қарашаның 7-12 аралығында Душанбеде өтетін Тәжікстан мен Иранның Сауда-өнеркәсіп палатасының отырысына да қатысады.

Ибрахим Раиси Душанбеден Өзбекстан астанасы Ташкентке Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) басшыларының бас қосатын жеріне аттанады.

Бұл Ибрахим Раисидің Иран президенті болып сайланғаннан кейін Тәжікстанға екінші сапары.

 

Тегтер