Қар 07, 2023 22:08 Asia/Almaty
  • Мәскеу Атом Қуаты Халықаралық Агенттігін сионистік министрдің  мәлімдемелеріне немқұрайлы қарағаны үшін сынады

Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы Мария Захарова сионистік режим мұрасы министрінің Газаға атомдық бомбалау туралы соңғы мәлімдемесіне реакция білдірді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режим министрінің Газаны ядролық бомбалау туралы өтінішіне халықаралық реакциялардың жалғасында Ресей Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы "Тель-Авив ядролық қаруы бар екенін мойындады ма?" деп сұрады. Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы Мария Захарова бүгін, сейсенбіде: "Израильдегі ядролық қару туралы сұхбаттар көптеген сұрақтарды тудырады, соның ішінде Израильдің ядролық қару арсеналы туралы. Біз (Израильде)ядролық қарудың бар екендігі туралы ресми мәлімдемелерді естіп жатқанда,  халықаралық ұйымдар қайда? АҚХА пен оның инспекторлары қайда?"- деді.

Дүйсенбі күні (кеше) сионистік режимнің мұра министрі Амихай Илияху бір телебағдарламада Газаға атом бомбасын тастау шешімнің бірі екенін айтты. Беньямин Нетаньяху кабинетінің министрі сионистік режимнің соңғы күндері Газаны атомдық бомбалауды талап еткен екінші лауазымды тұлғасы.

 

 

Тегтер