Йемен армиясы MQ9 америкалық дронын құлатты
https://itolqyn.com/news/world-i73624-Йемен_армиясы_mq9_америкалық_дронын_құлатты
Йемен армиясы: "Әуе-қорғаныс күштері осы елдің территориялық суларының көгінде ұшып жүрген бір америкалық дронды құлатты",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 09, 2023 17:47 Asia/Almaty
  • Йемен армиясы MQ9 америкалық дронын құлатты

Йемен армиясы: "Әуе-қорғаныс күштері осы елдің территориялық суларының көгінде ұшып жүрген бір америкалық дронды құлатты",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі Яхия Сари сәрсенбі күні MQ9 америкалық дронының құлатылғанын хабарлады.

Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі: "Йеменнің әуе-қорғаныс күштері осы елдің территориялық суларының көгінде Израильге әскери қолдау үшін тыңшылық жасау мақсатында ұшып жүрген бір америкалық дронды құлатты",-деді.

Бұл мәлімдемеде: "Дрон тиісті қарумен құлатылды. Йемен өз территориясын қорғауға және қоқан-лоқылармен күресуге құқылы. Йемен Палестина халқын қолдайды. Жауластық әрекеттер Йеменнің сионистік режимге қарсы әскери амалдарын жалғастыруға тосқауыл бола алмайды",-делінген.