Деһқани: Иран лаңкестікпен күресте әрдайым нық қадам басты
БҰҰ- дағы Иранның тұрақты өкілдігінің орынбасары ИИР-ның лаңкестікпен күресте әрдайым нық қадам басқанын айтты.
БҰҰ-дағы ИИР тұрақты өкілдігінің орынбасары Ғоламхусейн Деһқани Қауіпсіздік Кеңесінің «Лаңкестік көзқарастар мен идеологиялар» атты сәрсенбі күні өткен отырыста: «Бүгінде қатыгез әсірешілдік Таяу Шығыс пен өзге де көптеген әлем елдерінің ең шынайы қауіпсіздік түйткілі болып табылады.
Әл- Каида мен Талибан соңғы он жылдықтарда өзінің билігі мен қаржы көзін пайдаланып, осы үстірт идеологияны таратқан кісілердің тұңғыш жетістігі, ал «Ән- Носрат майданы» мен «ДАИШ» олардың соңғы «өнімі» болып табылады.
ДАИШ пен әсірешіл идеология және соған қарасты топтардың пайда болуының тамырлары анықталуы үшін Ирактағы соңғы өзгерістерге назар аудару керек, әсіресе бөгделердің әскери араласуынан кейін осы ел экстремизмнің өсуі мен өріс алуы орнына айналды. Сирия дағдарысы адамдар мен ұйымдар және түрлі елдердің араласушылықтарының салдарынан әсірешілдіктің өсуі үшін басқа қолайлы кеңістік қалыптастырды» деді.