Амир Абдуллахиан: Эр-Рияд саммиты Палестина мәселесінің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті
(last modified Mon, 13 Nov 2023 12:20:24 GMT )
Қар 13, 2023 18:20 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Эр-Рияд саммиты Палестина мәселесінің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті

Иран Сыртқы істер министрі Эр-Риядта ислам және араб елдері басшыларының төтенше отырысы өткеніне тоқталып: "Бұл саммит ислам әлемінде интеграция тудыратын маңызды фактор ретінде Палестина мен Құдс мәселесінің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Инстаграмдағы жеке парақшасында: "ИИР-дың ұстанымынша Палестина мәселесін шешудің басты жолы – халықаралық құқықтарға сәйкес Палестинаның іші мен сыртындағы барлық палестиналықтардың қатысуымен өз тағдырын анықтау үшін референдум өткізу. Осы ұстанымды әрдайым жоғары саяси деңгейде айтып келеміз",-деп жазды.

Амир Абдуллахиан: "Осы саммитте Иран Президенті Палестина халқының мүддесіне сай келетін 9 маңызды, жедел және шұғыл ұсыныс жасады, соның ішінде  Газа халқын қырып-жоюды тоқтату, Газаның қоршауын толық жою, ислам елдерінің сионистік режиммен саяси-экономикалық қарым-қатынасын толық үзу, сионистік режим мен АҚШ-тың басшылары мен қылмыскерлерді қудалап, жазалау үшін халықаралық сот ұйымдастыру, Газаны жедел түрде қайта жөндеу үшін арнайы қор құру, ислам елдерінен Палестина халқына гуманитарлық көмек керуендерін жіберу",-деді.