Қар 13, 2023 21:18 Asia/Almaty
  • Нью-Йоркте Палестинаны қолдаушылардың антисионистік шеруі өтті

Нью-Йорктегі Бруклин ауданының жүздеген тұрғыны Бруклин мұражайынан АҚШ Сенатының демократ төрағасы әрі сионистік режимнің негізді демеушісі Чак Шумердің үйіне дейін шерулетіп жүріп өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестинаны қолдаушылар жексенбі күні кешке Нью-Йорктің Бруклин ауданында антисионистік шеру өткізіп, палестиналықтарды өлтіруді доғарып, Газада атысты шұғыл түрде тоқтатып, АҚШ үкіметінің сионистік режимді қолдауын тоқтатуды талап етті.

Палестина халқын қолдаушы антисионист яһудилер де Нью-Йорктің Бруклин ауданында өткен шеруге қатысты.

Халықаралық антисионист яһудилер ұйымының баспасөз өкілі раввин Исроэль Дэвид Вайс осы шеру аясында Iran Press тілшілерге берген сұхбатында: "Бұл одақтың раввиндері сионизм пайда болғалы бері сионистік режимді яһуди дінінің атын жамылған алаяқ деп жариялады. Яһудилер Палестина халқының азап шегіп жатқанына қайғыруда",-деді.

Нью-Йорктің Бруклин ауданында өткен антисионистік шеруге қатысқандардың бірқатары Iran Press тілшілерге берген сұхбатында Газа халқына қолдау білдіріп, осы аймақта палестиналықтарды өлтіруді дереу доғару керегін баса айтты. 

Тегтер