Украина Президенті биліктен кетуі мүмкін
https://itolqyn.com/news/world-i73732
Украинаның бұрынғы басшысының бұрынғы кеңесшісі қазіргі Президент Владимир Зеленскийдің биліктен кетуі ықтималын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 13, 2023 23:11 Asia/Almaty
  • Украина Президенті биліктен кетуі мүмкін

Украинаның бұрынғы басшысының бұрынғы кеңесшісі қазіргі Президент Владимир Зеленскийдің биліктен кетуі ықтималын хабарлады.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Олег Соскин: "Владимир Зеленскийдің Ресеймен бейбіт келіссөздер жүргізуге ниет білдірмеуі оның биліктен кетуіне себеп болуы мүмкін",-деді.  

Олег Соскин YouTube каналында: "Зеленскийдің әрекеттері оның кейбір батыстық демеушілерін Киевке басқа басшы әкелу керек деп ойлауына себеп болады",-деді.

Олег Соскин: "Ресей мен Украина арасында бейбіт келіссөздер өткізу мәселесі Ресейде ғана емес, Батыста да ортақ тақырыпқа айналды",-деп еске салды.