Қар 16, 2023 18:01 Asia/Almaty
  • Америкалықтар Ақ үйдің алдында антисионистік шеру өткізді

Америкалықтар Вашингтондағы Ақ үйдің алдында Газа халқына қолдау білдіру үшін антисионистік шеру өткізді.

Шеруде Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың көптігін білдіру мақсатында символды түрде кебінге оралған мәйіттердің макеттері Ақ үйдің алдындағы көшеге қойылды. Шерушілер ұрандар жазылған плакаттар ұстап шығып, Газада атысты тоқтатып, палестиналықтарға қарсы геноцидті доғаруды талап етті.    

 

Тегтер