Қар 16, 2023 18:15 Asia/Almaty
  • Қытайдың Ираннан мұнай сатып алу көлемі ең жоғары деңгейге жетті

Қытайдың Ираннан мұнай сатып алу көлемі жаңа көрсеткіш тіркеп, ең жоғары деңгейге жетті.

Кеме қатынасы туралы ақпараттарды сараптайтын Vertexa компаниясының деректері бойынша, Қытай 2023 жылдың алғашқы 10 айында күніне Ираннан 1 млн-нан аса баррель мұнай сатып алған. Бұл көлем Иран санкцияға ұшырамас бұрын 2017 жылы Қытайдың кедені тіркеген мұнай көлемінен 60 пайызға артық.

Қытай – әлемде Иранның шикі мұнайын импорттайтын ең ірі ел.  

Тегтер