Женевада Иран мен Францияның Сыртқы істер министрлері кездесті
(last modified Fri, 17 Nov 2023 11:40:57 GMT )
Қар 17, 2023 17:40 Asia/Almaty
  • Женевада Иран мен Францияның Сыртқы істер министрлері кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Франция Сыртқы істер министрі Катрин Колонна Женевада кездесіп, сұхбаттасты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы кездесуде олар Газадағы қазіргі өзгерістер туралы пікір алмасып, дағдарыстың көлемі және оны шешу жолдары жайлы өз көзқарастарын білдірді.

Амир Абдуллахиан Х әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Франция Сыртқы істер министрімен маңызды кездесуі туралы: "Женевада Катрин Колоннамен Палестинадағы өзгерістер, екіжақты консулдық мәселелер, Иран мен Франция қарым-қатынасының перспективасы туралы сұхбаттастым",-деп жазды.

Амир Абдуллахиан Газада соғыс қылмыстарының жалғасуының салдары жайлы ескерту жасап, осы секторда геноцидті тоқтатып, гуманитарлық көмек жіберіп және бейбіт тұтқындармен алмасу керегін айтты.

Иран Сыртқы істер министрі жұма күні Женевада адам құқығын қорғау ұйымдарының басшыларымен Газадағы өзгерістер туралы кеңескеннен кейін Теһранға қайтты.