Иран Президентінің орынбасары: Теһран Палестинада екі мемлекет құрылуына қарсы
https://itolqyn.com/news/world-i73806
Иран Президентінің парламенттік істер жөніндегі орынбасары: "Бұл ел Палестинада екі мемлекет құру мәселесін ешқашан қабылдамайды",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 17, 2023 19:07 Asia/Almaty
  • Иран Президентінің орынбасары: Теһран Палестинада екі мемлекет құрылуына қарсы

Иран Президентінің парламенттік істер жөніндегі орынбасары: "Бұл ел Палестинада екі мемлекет құру мәселесін ешқашан қабылдамайды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Хұсейни бір телебағдарламада: "Жерорта теңізінен Иордан өзеніне дейінгі аралықта тәуелсіз Палестина мемлекетін құру – ИИР-дың ұстанымы",-деді.

Мұхаммед Хұсейни әлемге Газаның жағдайы жайлы және сионистік режимді қолдайтын Батыс ақпарат құралдарының қарсыласу күштері туралы цензурасын хабарлау үшін мәдени-ақпараттық әлеуеттерді пайдалану керегін түсіндіре келіп: "Әл-Ақса дауылы" операциясында алдымен қарсыласу күштері өз вариантын айтты. Сионистер өз әлсіздігін жасыру үшін 50-ге жуық тілшіні шәһид етті",-деді.

Мұхаммед Хұсейни ешбір конвенция мен халықаралық протоколда бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауға рұқсат етілмегенін айтып: "Тұрғын үйлер мен ауруханаларды бомбалау, жедел жәрдем көліктерін нысанаға алу – сионистік режимнің соғыс қылмыстары және ашық геноцид",-деді.