Сирия өзгерістерін сараптау
БҰҰ- дағы Сирия өкілі Башар әл- Жафари Сирия дағдарысын өршітіп отырған барлық кісілерге Сирияны өз еркіне қойып, оның ішкі өміріне араласудан бас тартуға шақырды.
БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Қауіпсіздік Кеңесін лаңкестікті қолдаушыларға қарсы шынайы шара қолдануда қауқарсыз деп атап, ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияны көзбояушылық деп сипаттады. Осы сириялық қайраткердің айтуынша, бес жарым жыл өтсе де Сирияда халықаралық қағидалар мен ізгі көршілестік аяққа тапталуда. Шетелдік лаңкестер әлемнің түкпір түкпірінен Сирияға келіп, Сирияның инфрақұрылымдары мен халқын жою үшін барлық құралдар қолданылуда.
Қауіпсіздік Кеңесі Сирия дағдарысының басынан ондаған отырыс өткізіп, ондаған қарар мен мәлімдеме қабылдап, ақиқатты анықтаушы комитет құрды, алайда шынайы әрекет жасауға және лаңкестікті қолдаушыларға қысым келтіруге әрі Сирия мен Иракқа шетелдік лаңкестер мен жалдамалы күштердің аттандырылуына кедергі келтіруде тіпті бір қадам жасауға да қауқарсыз» деді.
Дамаск қайраткерлері бұдан бұрын батыстық- араб- сионистік коалицияның ДАИШ- ті нысанаға алудың орнына Сирияның инфрақұрылымдары мен халқы нысанаға алынып, ДАИШ- тің ұрлық- қарлығы мен мұнай саудасына және Сирияның тарихи ескерткіштерін Израиль мен еуропалық елдерге контрабандалық жолмен шығаруына көзжұмбайлық танытып отырғаны туралы талай рет ескерту жасаған болатын.
Сирия армиясы мен халықтық күштері лаңкестік топтармен кескілескен шайқастан кейін Дамаск маңындағы «Зейдин» стратегиялық қалашығын лаңкестердің басқыншылығынан азат етті.
Ресейдің «Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «ән-Носрат майданының» жүзден астам лаңкес мүшесі Түркия арқылы Сирияның Кафар-Хамра қаласына кірген. Сирияда өткен 27- ші ақпанда уақытша ымыра орнатылған.
«ДАИШ» және «ән- Носрат майданы» лаңкестік топтары мен өзге лаңкестік топтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бітім келісіміне кірмейді. БҰҰ- ның Сирия ісі жөніндегі арнайы өкілі 17- ші мамырда Венада Сирияны қолдау жөніндегі халықаралық жұмыс тобының отырысы аяқталған соң сириялық-сириялық келіссөздердің келесі кезеңінің уақыты анықталатынын айтты. Стэффан де Мистура 11- ші мамыр, сәрсенбі күні сөйлеген сөзінде: «Сирия бітім келіссөздерінің жаңа кезеңінің басталу уақытын белгілеу Сирияны қолдау жөнінідегі халықаралық жұмыс тобының отырысының нәтижелері мен жетістіктеріне байланысты» деді.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сириялық-сириялық келіссөздердің ағымдағы айда басталуына үміт білдірген болатын. Сарапшылар Сирия дағдарысын үшінші ел арқылы соғысу деп, әлемдік ойыншылар келісімге келмейінше, Сирия дағдарысы ойдағыдай нәтижеге жетпейді деп санайды. Сирия сахнасында әртүрлі ойыншылар бар. Сауд Арабиясы, Түркия және сионистік режим Сирия дағдарысының шешілуін және ымыра орнатылуын қаламайды. Олар Ресей мен АҚШ- тың қысымдарымен ымыраны қабылдап, әу бастан оны бұзуды мақсат етті.