Ресейдің келесі президенті Путин сияқты болуы керек
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің келесі президенті туралы: «Бұл адам Владимир Путин сияқты болуы керек",- деді.
Хабарларға қарағанда, тағы бір мерзімге сайлауға түсуге құқығы бар Путин өз шешімін әлі жариялаған жоқ.
Содан кейін сұхбатының жалғасында Песков Ресейдің келесі президенті Путин сияқты болуы мүмкін бе деген сұраққа: «Басқа адам болуы мүмкін, бірақ оған ұқсас»,- деп жауап берді.
Ресей президентінің сайлауы 2024 жылдың 17 наурызында өтеді деп жоспарланған. Ресей Жоғарғы Парламенті бұл сайлаудың нақты күні туралы шешімін 2023 жылдың желтоқсанында жариялайды, содан кейін саяси партиялар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өз кандидаттарын ресми түрде таныстыруы керек.