Иран сионистердің әл-Фахура мектебіне шабуылын айыптады
(last modified Sun, 19 Nov 2023 12:32:57 GMT )
Қар 19, 2023 18:32 Asia/Almaty
  • Иран сионистердің әл-Фахура мектебіне шабуылын айыптады

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы бала өлтіргіш сионистік режимнің Джебелияның Тель-Заатар ауданында орналасқан әл-Фахура мектебінде жүздеген палестиналықты айуандықпен өлтіргенін қатаң айыптады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани сенбі күні кешке: "Өкінішке қарай, әлем елдері мен халықаралық қауымдастықтың Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестина халқының қырылып жатқанына қатысты әрекетсіздігі салдарынан сионистік режим күн сайын тұрғын үйлерде, босқындар уақытша орналасқан жерлерде палестиналық әйелдер мен балаларға қарсы жаңа қылмыстар жасап жатыр",-деді.

Насер Канани халықаралық қауымдастық, әсіресе ислам елдерінен жауапкершілік сезініп, Израиль режимінің Палестина халқына ашық геноцид жасап жатқанына жылдам тежегіш шара қолдануын сұрады.  

Сионистік режимнің қырғи ұшақтары сенбі күні түстен кейін Газаның солтүстігіндегі Джебелия лагерінің әл-Фахура мектебін бомбалады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, осы айуандық шабуылда осы күнге дейін 200-ден аса адам шәһид болды. Бұл мектепті босқындар паналаған болатын.

Тегтер