Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабының басшысы: Иранды Палестинадан бөліп қарауға болмайды
(last modified Sun, 19 Nov 2023 15:08:10 GMT )
Қар 19, 2023 21:08 Asia/Almaty
  • Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабының басшысы: Иранды Палестинадан бөліп қарауға болмайды

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабының басшысы: "Иранды Палестинадан бөліп қарауға болмайды. Иранның әлемде жапа шеккендерге қолдау көрсетуі басқа елдердің көп талқылайтын тақырыбына айналды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмад Ноурузи жексенбі күні SAHAR халықаралық арнасының 27 жылдығын тойлау рәсімінде басып алынған Палестина жеріндегі өзгерістерге 44 күн болғанына тоқталып: "Сионистік режимнің Газа секторына жан-жақты басып кіруі – айқын соғыс",-деді.

Ахмад Ноурузи сионистік режимнің Палестинаға басқыншылығы мен зұлымдығына 75 жыл болғанын және Газа секторының 16 жыл бойы құрлық, теңіз және әуеден толық қоршауға алынғанын айтып: "Қарсыласу жауынгерлерінің 7 қазандағы операциясынан кейін Израильдің Газа секторына шабуылы әлемге бұл режимнің Палестина халқымен соғысып жатқанын көрсетті",-деді.

Ахмад Ноурузи сондай-ақ Иран үкіметінің Палестина халқын қолдауға қатысты ұстанымына тоқталып, Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы, соның ішінде SAHAR халықаралық арнасы дайындаған бағдарламалар мен контенттерде ИИР үкіметінің саясаты көрініс тапқанын айтты. 

Тегтер