Сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату үшін ұсынылған жаңа саяси бастамалар талқыланды
(last modified Mon, 20 Nov 2023 13:02:48 GMT )
Қар 20, 2023 19:02 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату үшін ұсынылған жаңа саяси бастамалар талқыланды

Иран мен Катар Сыртқы істер министрлерінің сұхбатында сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату мақсатында ұсынылған жаңа саяси бастамалар талқыланды.

Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері бүгін телефон арқылы сұхбаттасып, сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату үшін ұсынылған жаңа саяси бастамаларды талқылаумен қоса, халықаралық қауымдастықтан осы режимді қылмыс жасамауға мәжбүрлеуді сұрады.  

Бұл – Иран мен Катар Сыртқы істер министрлерінің соңғы бір аптадағы екінші сұхбаты.

Амир Абдуллахиан мен оның катарлық әріптесі сейсенбі, 23 абанда тағы да Газадағы жағдай туралы сұхбаттасқан болатын. Сол кезде Газада Катардың қайта жөндеу комитеті ғимаратының бомбаланғаны, секторда геноцидтің жалғасып жатқаны және гуманитарлық жағдайдың ушығып бара жатқаны туралы  талқылап, Газаға қарсы соғыс қылмыстарын тоқтатып, Палестина халқына гуманитарлық көмектерді шұғыл түрде жеткізу керегін баса айтты.  

 

 

Тегтер