Вашингтон – Газада америкалық-сионистік соғыстың күшеюінің басты факторы
Иран Сыртқы істер министрі Ресей Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатында аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуда Ресейдің белсендірек рөл ойнауы керегін айтып, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы тұрғындарды мәжбүрлі түрде көшірудің және этникалық тазартудың алдын алуды сұрады.
Амир Абдуллахиан сионистік режимнің Газаға үздіксіз шабуылдарында 15 мыңға жуық палестиналықтың шәһид болғанына тоқталып: "Вашингтон соғысты тоқтатуды көздеп отырғанын айтты, бірақ Израильге қолдау көрсету арқылы соғысты өршітіп отыр",-деді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сионистік режимнің шабуылдарды тоқтатуға қарсы болып отырғанына өкініш білдіріп, соғысты тоқтату және тұтқындарды азат ету үшін консультацияларды жалғастыру керегін баса айтты.