Азия, Еуропа мен Америкада сионистік режимнің Газаға қарсы қылмыстарына наразылық толқыны күшейді
Индонезияда ондаған мың шеруші көшеге шығып, сионистік режимнің қылмыстарының тоқтатылуын және Газа халқының геноцидін доғаруын талап етті.
Ақ үйдің алдында болған митингте аналар мен балалар символдық түрде Газа балаларының мәйіттерін көрсетіп, АҚШ-тың палестиналықтарды өлтіруге қатысуын тоқтатуды талап етті.
Әлемнің басқа бір жерінде, соның ішінде Ұлыбританияның Манчестер, Испанияның Мадрид және Барселона, Швецияның Стокгольм, Нидерландының Роттердам қалаларында антисионистік шерулер өтті.
Түркия халқының бір тобы Стамбұл айлағында жиналып, басып алынған жерлерге қарай тауарлардың тиелуін тоқтатуды талап етті. Бұл – айлақ сионистік режимге тауар экспорттайтын басты айлақтардың бірі.
Данияның астанасы Копенгагенде де сионистік режимді айыптауға бағытталған халықтық шеру болды.
Швецарияның Женева қаласында шерушілер палестиналықтарды қырып-жоюды тоқтатуды талап етті.
Пәкістанның Лахор қаласында жүздеген мың шеруші сионистік режимнің қылмыстарын айыптады.