Путин: Халықаралық мәселелерді шешу үшін Қытаймен әріптестік жасаймыз
(last modified Mon, 20 Nov 2023 14:52:18 GMT )
Қар 20, 2023 20:52 Asia/Almaty
  • Путин: Халықаралық мәселелерді шешу үшін Қытаймен әріптестік жасаймыз

Ресей Президенті Ресей мен Қытайдың билеуші партиялары арасындағы отырысқа жолдаған хатында: "Бейжің мен Мәскеу үкіметтері ең маңызды халықаралық мәселелерді шешу үшін талпыныстарды үйлестіріп жатыр",-деді.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путин: "Ресей мен Қытай әділірек әрі демократиялау халықаралық жүйе құруға тырысады",-деді.

Ресей Президенті осы хатта екі елдің арасында экономика, энергетика, тасымал және гуманитарлық істер саласында ортақ ірі жобалардың орындалып жатқанын айтып: "Ресей мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық қарым-қатынасы ең жоғары деңгейде",-деді.