Амир Абдуллахиан: Иран аймақта соғысты таратуды қаламайды
(last modified Thu, 23 Nov 2023 15:20:55 GMT )
Қар 23, 2023 21:20 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран аймақта соғысты таратуды қаламайды

Иран Сыртқы істер министрі: "ИИР соғысты таратуды қалаған емес, қаламайды да. Өйткені егер бұлай болса, аймақтың жағдайы толық өзгерер еді",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Ливанның Премьер-министрі Наджиб Микатимен кездесуінде Ливанның ұлттық күнімен құттықтап, Микатидің осы елде болған өзгерістердегі маңызды рөліне және Иран мен Ливан арасындағы достық қарым-қатынасқа алғыс айтты.

Амир Абдуллахиан Микати мен Раисидің эр-Риядтағы кездесуінің жақсы өткеніне тоқталып, Иран мен Ливанның қарым-қатынасы мен екі ел арасындағы үздіксіз консультацияларды маңызды да құнды деп атады.  

Амир Абдуллахиан аймақта тыныштық орнату үшін сионистік режимнің Газаға шабуылын тоқтатып, толық бітім орнату керегін айтып: "Әрине Нетаньяху Ақ үйге өз ұстанымын қабылдатса, аймақта басқа жағдайға куә боламыз",-деді.

Ливанның Премьер-министрі Наджиб Микати де осы кездесуде Газадағы өзгерістерге қатысты кейбір елдер мен халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдарының екіқырлы қатынасын сынап: "Басты сауал мынада: Адам құқығы қайда? Палестина басып алынғалы бері, яғни 75 жылдан бері Ливан осы елдің қасында күресіп келеді. Өйткені Палестина мәселесін ақиқат ісі деп санайды. Залым биліктің ақиқатты жеңуіне жол беруге болмайды",-деді.   

Тегтер