Хания Иранға Газада уақытша бітім орнауын қолдағаны үшін алғыс айтты
ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен кездесуінде Иран үкіметіне Газада уақытша бітім орнауын қолдағаны үшін алғыс айтып: "АҚШ басында қарсылық білдірді, бірақ соғыс алаңындағы жағдайды түсінгеннен кейін Палестина халқы мен әлем жұртшылығының талабына көнуге мәжбүр болды",-деді.
Осы кездесуде Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы соңғы өзгерістер, атысты уақытша тоқтату бітімінің орындалу барысы, Палестина халқына гуманитарлық, саяси және құқықтық тұрғыдан аймақтық және халықаралық қолдау көрсетуді нығайту мәселелері талқыланды.
Амир Абдуллахиан Исмаил Ханиямен кездесуінде Палестина халқының табанды қарсылығы мен Газа тұрғындарының қайсарлығының нәтиже бергенімен құттықтап: "Әл-Ақса дауылы" операциясының салдары дүниені дүр сілкінтті. Газа секторында Палестина халқының адами шығыны көп әрі ащы болса да, олардың жеңісі мен жетістіктерінің көлемі өте зор болды. Түрлі салаларда стратегиялық теңгерімді Палестинаның мүддесіне, сионистік режимнің зарарына өзгертті",-деді.