ОАР Парламенті Израильмен қарым-қатынасты толық үзуге дауыс берді
https://itolqyn.com/news/world-i74012
ОАР Парламенті Израиль елшісін елден шығаруға және осы режиммен дипломатиялық қатынасты толық үзуге басым дауыс берді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 26, 2023 19:33 Asia/Almaty
  • ОАР Парламенті Израильмен қарым-қатынасты толық үзуге дауыс берді

ОАР Парламенті Израиль елшісін елден шығаруға және осы режиммен дипломатиялық қатынасты толық үзуге басым дауыс берді.

Al-Mayadeen телеарнасы сайтының израильдік ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, ОАР Парламентінің депутаттары Израильмен қарым-қатынасты толық үзуге, елшілікті жабуға және елшіні шығаруға дауыс берді.

Осы қаулыға қатысты қорытынды шешімді ОАР Президенті Сирил Рамафоса қабылдауы тиіс.

ОАР Парламентінің депутаттары өткен сейсенбі күні 248 оң, 91 теріс дауыспен Газада атысты тоқтату бітімі орнағанға дейін Преториядағы Израиль елшілігін жабуды, осы режиммен барлық дипломатиялық қатынасты тоқтатуды талап етті.