Қар 26, 2023 19:52 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері Палестинадағы өзгерістер туралы сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі өзінің түрік әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасып, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарын толық тоқтату керегін айтып: "Иран мен Түркия басқа ислам елдерімен бірге Палестина халқын қолдау үшін тегеуріндірек шаралар атқаруы керек",-деді.

Амир Абдуллахиан Иран мен Түркияның түрлі салаларда әріптестігінің даму үдерісіне ризалық білдіріп, екі ел арасында жоғары деңгейде дипломатиялық қарым-қатынас жалғасып, өзара ынтымақтастықтың одан ары нығайып, тереңдей түсетініне куә боламыз деп үміт білдірді.

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан да осы сұхбатта Анкара үкіметінің Газада атысты тоқтату бітімін ұзартуға талпыныс жасап жатқанын айтты.  

 

 

Тегтер